Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Есірткіге тәуелді: Damumed қосымшасында азаматтардың жеке дерегі жарияланған

12:43, 12 маусым 2024 557

Алматылық әйел Damumed қосымшасында өзін "есірткіге тәуелді" деп тіркегеніне наразы деп жазады Alash.kz.
Мадина перзентханадан шыққанын растайтын құжатты алу үшін Damumed қосымшасын жүктеген.

Сонда 2019 жылы ол әлеуметтік қызметкерге жүгініп, есірткіге тәуелді болған деп жазылған. Қабылдау қағазында науқастың нашақор екені көрсетілген. Онымен психокоррекциялық әңгіме жүргізілді деп жазып беріпті. Бірақ әйел оған бармаған. Алматылық келіншек, азаматтардың жеке дерегі мен құқығы қорғалмағанына наразы.

Ол eGov-тан нарколог немесе психиатрда есепте тұрмағаны туралы анықтама сұратып, адвокаттарға жүгінген. Ал №17 қалалық емхана бұл жағдайға сараптама жүргізетінін хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар