Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Грек прокуратурасы сегіз қазақстандыққа орман өртіне қатысты айып тақты

13:42, 01 шілде 2024 562
 
 
Грек прокуратурасы орман өртінен кейін оқиға орнынан бой тасалаған Қазақстанның белгілі тұлғаларына айып тақты деп хабарлайды Alash.kz.
Гидра аралында яхта жалдап, отшашу атып, орман өртін тудырғандардың ішінде 2 кәмелетке толмаған бала бар, деп жазды Azattyq Ruhy.

«Грекия прокуратурасы өткен аптада Идра аралында жалданған яхтаның бортында болған 8 қазақстандыққа орман өртіне қатысы бар деген айып тақты. Екі кәмелетке толмаған жасөспірім жауапкершілікке тартылмайды», - деп жазды Ekathimerini басылымы.

Грек билігі яхтаны жалға алған қазақстардың елге тайып тұрғанына байланысты, оларды тергеп үлгірмеген. Сондықтан Қазақстан билігінен тергеуге көмектесуді сұрап отыр.

Басылымның жазуынша, өрт орнында табылған жаңа дәлелдер қылмыстық істі қозғауға себеп болған. Өрт сөндірушілер аралдан отшашудың қалдықтарын тапты. Қазір яхта капитаны мен капитанның бірінші көмекшісі ұсталды. Қалған ұсталған экипаж мүшелері кепілмен босатылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар