Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Аслан Қасымбаевты “Хутор” бандасының басшысы Хасанның жақыны деген ақпарат тараған еді.
Естеріңізде болса, Күрішбеков Бахыт Куатбекович, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.
Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі қаралуда.