Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алып жатыр

11:01, 26 сәуір 2022 215
[ad_1]



Әлемнің ең бай адамы, миллиардер Илон Маск Twitter компаниясын сатып алып жатыр. Тараптар тиісті келісімге дүйсенбі кешке келген. Мұны Twitter корпорациясы да растады.

Келісім құны – 44 миллиард долларға жуық. Директорлар кеңесі ұсынысты бір ауыздан қабылдаған. 2022 жылдың соңына дейін келісімнің шарттары толығымен орындалады деп күтілуде.

Келісімге қатысты пікір білдірген Маск, өзінің "ең ашулы» сыншыларының өзі әлеуметтік желіні пайдалана беретініне үміттенетінін, өйткені "осының өзі сөз бостандығы" екенін айтты.

Twitter-дің америкалық пайдаланушыларының біразы Маскті сынап, бұл сатып алуға қарсылық білдірген. Олардың пайымдауынша, басшылығы ауысқан әлеуметтік желі ендігіде жекелеген қоғамдық және саяси топтарға қарсы өшпенділікті қоздыратын алаңға айналуы мүмкін.

4 сәуірде Маск Twitter акциясының оннан бір бөлігін сатып алып, компанияның ірі акционері атанған еді. Осыдан кейін әлеуметтік желі акциясы 9,2 пайызға көтерілген.





[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар