Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорғаныс министрлігі әскерге күштеп әкетуге қатысты пікір білдірді

04:17, 26 сәуір 2022 268

Әлеуметтік желіде шымкенттік жігітті көлікке күштеп кіргізіп жатқан видео тарады.

«Шымкентте жігіттерді қалай күшпен әскерге алып кетеді?! Сұмдық. Оларды көшеден алып кетіп жатыр, тіпті ата-анасына телефон соғуға да мүмкіндік бермейді!» дейді куәгер.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 22 сәуір күні Шымкентте қорғаныс министрлігінің шақыртулары бойынша келмей, әскерге шақырудан жалтарған әскери қызметшілерге іздеу жүргізілді. Соның нәтижесінде стансаға 6 мерзімді әскери қызметші әкелінді.

«Рейдтік іс-шараның қорытындысы бойынша ата-аналар мен әскер қатарына шақырылғандар тарапынан қорғаныс бөліміне шағымдар түскен жоқ. Шақыру қағазын алған әскерге шақырылғандар шақыру учаскелеріне медициналық комиссиядан өтуге келмейді» деді министрлік.

Медициналық комиссиядан және мерзімді әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейді, деп еске салды Қорғаныс министрлігі.

Еске салсақ, бұған дейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, әскерге шақырудан жалтарғандарға заң аясында ғана шара қолданылып жатқанын айтқан болатын.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар