"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова өзінің жалақысын халықтың есіне салып, ай сайын 1 млн теңгеден аса қаржы алатынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Мәжіліс кулуарында Әсел Жанасова журналистер сұрағына жауап беріп, айлықты басқа ұлттық компаниялардың деңгейінде алатынын жеткізді.
"1 млн 200 мың теңге аламын. Бұл басқа ұлттық компаниялардың деңгейінде деп білемін. Жасыратыны жоқ, шын мәніде солай. Бонус пен сыйлықақы туралы сұрақтар болады. Бізде антикризистік жоспар. 2023 жылы ғана қаражат жағынан жақсардық. Бонус пен премияны алмаймыз", - дейді "Қазпошта" басшысы.