Өскемен қалалық сотында құқық қорғау органы қызметкерін балағаттаған әйелге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сілтеме жасап.
“2024 жылдың қыркүйек айында полиция капитаны ер адамға ұрлық фактісінің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне баруды ұсынған кезде оның әйелі шу шығарған. Мас күйдегі әйел тәртіп сақшысын балағаттаған. Оның кінәсі бейнежазбамен, жәбірленушінің айғақтарымен және тергеу хаттамаларымен дәлелденді”, — делінген қалалық №2 соттың хабарламасында.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындады.
Сот әйелді 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды.