Гавайи тұрғыны Лос-Анджелес әуежайында жоғалып кеткеннен кейін Мексикаға өтетін шекарада тірі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
30 жастағы Ханна Кобаяшиді жоғалғаннан үш апта өткен соң бейнебақылау камераларынан жаяу шекарадан өтіп бара жатқан кезде көрген.
Қыз шамамен 8 қарашада жоғалып кеткен. Ол Гавайидегі Мауиден Нью-Йоркке туысына бару үшін ұшқан. Оның Лос-Анджелесте ұшақ ауыстыруы керек болған. Алайда Ханна Кобаяши қажет рейске отырмай, із-түзсіз жоғалып кетті.
Енді полиция бұл істі «ерікті түрде хабар-ошарсыз кету» деп санап, әрі қарай іздестіру жұмыстарын жүргізбейтінін мәлімдеді.
Ханна Кобаяшидің жоғалуы құпияға толы болды. Қыз жоғалғаннан кейін оны сауда орталығында, метро станцияларында және белгісіз ер адаммен бірге жүргенін көргендер бар.
Ханнаны іздеу үшін Гавайиден Лос-Анджелеске оның әкесі Райан Кобаяши ұшып келді.
Қайғыдан қан жұтқан әке қызын өзі іздеуге тырысып, теледидар эфирлерінде «Ханна іздестірілуде» деген жазуы бар плакатпен көрінген.
Шамамен екі аптадан кейін полиция Райан Кобаяшидің қызын таба алмай, Ханна Нью-Йоркке ұшып кетуі тиіс болған әуежай маңында өзіне қол жұмсады.