Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қызды қорғауға емес, қорлауға асығатын қазақтың жігіттеріне ойланатын уақыт келді" - Еділ Жаңбыршин

15:27, 04 желтоқсан 2024 104

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қазақтың жігіттерін сынға алды. Ол қыздарды қорламай, керісінше қорғауға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Тәрбие мәселесі өзекті. Ол күлетін зат емес. Бәріміз қыз асырап отырмыз. Қыз алып қашу етек алып кеткен жағдай. ХХІ ғасырда әке-шешісімен келіспей, қызбен сөз байласпай, көшеден көрінген адамды салып алу дұрыс емес. Ол тауар емес, зат емес, ол – адам. Мұндай жағдай оның тағдырына әсер етеді, - деді депутат.

Жаңбыршин жігіттерді түсінбейтінін айтты.

Мен жігіттерді түсінбеймін. "Қыз құлағымен, жігіт көзімен жақсы көреді" деген сөз бар. Қыздың көңілін таба алмайтын жігіт, ол қандай жігіт. Көшеге барып, қызды бүктеп-бүктеп салып алады. Біз дамыған, жетілген, мәдениетті қоғамда тұратын болсақ, мәдениетті болуымыз керек. Басқа ұлттың біреуі оны жасамайды. Оны (қыз алып қашу – ред.) істеп жүрген өзіміз. Еуропада, Ресей, тіпті қасымыздағы басқа көрші республикаларда қызды ұрлайтынын естідіңіздер ме? – деді ол.

Еділ Жаңбыршин 3 қызы бар екенін айтып, қыздарын құда түсіп алғанды қалайтынын жеткізді.

Ал бұл (қыз алып қашу – ред.) қоғамдағы үлкен дерт. Бұл мәселеге қылмыстық жауапкершілік қарастыру керек. Қарсы болып жүрген мемлекеттік органдарды түсінбеймін. Яғни олар оны (қыз ұрлауды) қолдап отыр. Қызды сыйлау, қызды құрметтеуді балабақшадан бастап баланың миына құю керек. Себебі қыз – болашақ ана. Егер біз болашақ ананы қорғамайтын болсақ, онда мемлекеттік болашағы жоқ деген сөз. Ол күлетін, ойыншыққа айналдыратын дүние емес. Бұл мемлекеттің қауіпсіздігі. Қызды қорғаған ел ғана ел болған. Қазақ қыздарды, аналарды қорғағаннан кейін ғана қазақ болып отыр. Оларды жетімсіретпей, жесір қылмай, мемлекет болып қалыптастық, - деп айтты депутат.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар