Кеше 7 шілдеде кешке қарай қырғыз елінің Ыстықкөл облысындағы жайлауда найзағай түсіп, 250 қой қырылып қалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қырғыз Республикасы ТЖМ қолайсыз ауа райы туралы халықты алдын ала ескерткен болатын. Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс комиссиясы мен Тонг ауданының жедел тобы аталған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Табиғаттың тосын мінезі кеше Алматыда және таулы аймақтарда болды, найзағай жарқылдап, табиғат оқыс мінез танытты.