Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жеңіс күні әр ардагерге 3 миллион теңгеге дейін жәрдемақы беріледі - Президент

16:05, 06 мамыр 2024 387

Бүгін Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев мемлекеттік наградаларды, жоғары әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендерді тапсыру рәсімін өткізді. Президент сөзінде биыл Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне Жеңіс күні 3 миллион теңгеге дейін қосымша жәрдемақы берілетінін айтты, деп хабарлайды alash.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

«Таңғажайып қиыншылықтарды бастан өткеріп, Жеңісті жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін біз әрқашан есте сақтаймыз және құрметтейміз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылдан бастап аты аңызға айналған жерлестеріміз Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаевтың есімдері «Айбын» орденінің үш дәрежесімен марапатталғанын еске салды. Осындай халық ұлдарының ерлігі мен қайсарлығы Отан қорғаушылардың бүгінгі және келешек ұрпақтарына үлгі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар