Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жеті жасар бала зорланды". Күдікке ілінген "Amanat" партиясының мүшесінің жәбірленуші туысы екені айтылды

13:54, 07 қыркүйек 2024 381

Бала зорлады деп айыпталған Amanat партиясы филиалының бұрынғы басшысына қатысты тың дерек шықты. Жәбірленуші оның туысы болып шықты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Жетісу облыстық білім басқармасы мәлімдеді.

"Бала зорлады деген күдікке ілінген "Amanat" партиясының мүшесі Серікқан Жақыповтың ісіне қатысты мәліметтер белгілі болды. Оқиға 15 тамыз күні депутаттың үйінде болған. Ер адам жәбірленушінің туысы (әйелінің әпкесінің ұлы) болып шықты", – делінген білім басқармасының хабарламасында.

Полицияға жеті жасар баланың анасы хабарлаған. Білім басқармасының мәліметінше, жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті Жансүгіров ауылында Серікхан Жақыповтың үйінде болыпты.

Экс-депутаттың өзінің кәмелетке толмаған үш баласы бар.

"Қазір жәбірленуші баланың оқу үлгерімі жақсы, ол сурет салуды және футбол ойнағанды ​​жақсы көреді, мектеп психологы психокоррекциялық жұмыстарды жүргізді", – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар