Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жыныстық жолмен таралатын ауруларды әдейі жұқтырған»: Патшалық Ресей қазақтарды жою үшін не істеген?

12:01, 26 наурыз 2024 597

Әлеуметтік желіде Орынбор орыстарының қырғыз, кавказ халықтарына жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауруларды жүйелі түрде таратқанын дәлелдейтін тарихи жазба тарады.

Кавказ соғысының қатысушысы, поляк офицері Теофил Лапинскийдің «Кавказ таулары және олардың орыстарға қарсы азаттық күресі»,1857-1859 жж. атты кітабынан келтірілген тарихи деректі Нұрлан Салтаев Facebook парақшасына жариялады.

«...Абхазиялық қыздар мен әйелдер теңізде немесе құрлықта орыстардың қолына түсетін. Ресейлік сарбаздардың түрлі ойын-сауық кештерінде ойыншық ретінде қызмет көрсеткен қыздарды кейіннен олардың отбасылары сатып алған. Бірақ, ол қыздар елге қауіпті жұқпалы ауру әкелді. Абхазия халқы бұл ауру туралы ештеңе білмегендіктен, оған қарсы қандай да бір емдік құралдарды да қолдана алмайтын. Жергілікті халық мұны  urus smage (орыс әлсіздігі) деп атады. Бұл ауру кейбір елді-мекендерде жиі кездесетін. Тұрмысы нашар, кедей адамдар алғаш рет бұл дерт туралы, онымен күресу жолдарын бізден білді. Олар аурудың таралуын алдын-алу үшін бәрін жасады».

 «Орынбор аймағындағы орыстар қырғыз (қазақ) халықтарын моральсыздандырып, жою үшін жыныстық жолмен берілетін ауруларды жүйелі түрде таратқанын жиі естідім және оқыдым...»,- делінген тарихи жазбада.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар