Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жолдасы мен енесінен жәбір көрген". Күйеуімен бірге Германияға көшіп кеткен қазақстандық әйел із-түссіз жоғалып кетті

17:31, 08 маусым 2024 815

Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы,құқық қорғаушы, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені туралы хабарланды. Әпкесін бауыры Қанат Сайлыбаев шарқ ұрып іздеп жүр. Сонымен қатар, ағасы жоғалған Айгүлдің ұзақ уақыт бойы күйеуі Александр Донцов пен оның анасы тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы.  

Курсивтің жазуынша, ағасының Айгүлдің соңғы төрт күн бойы туыстарымен байланысқа шықпағанын айтып отыр. Айгүл Сайлыбаеваның туыстары Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен Айгүлді тауып, күйеуін жазалауға септесуін сұраған. Ағасының хабарлауынша, Айгүл Сайлыбаева 2019 жылы күйеуімен бірге елден кеткен: 

"Менің әпкем 1984 жылы туған Қазақстан азаматшасы. 2019 жылы ол күйеуімен бірге елден кеткен. Айгүл Астана қаласы Сарыарқа ауданының судьясы болды. Әділет министрлігінде жұмыс істеген,"Болашақ" бағдарламасының түлегі, президенттік шәкіртақы алған. Александрмен бірге Мәскеуде, Германияда және Америкада тұрды. Олар қазір Германияның Бейншейм қаласында тұрады, Франкфурттен небәрі 40 шақырым жерде", – дейді Қанат Сайлыбаев.

Соңғы рет Айгүл Сайлыбаева туыстарымен бұдан бес күн бұрын тілдескен. Олар Айгүлдің дауысы дірілдеп, өте көңілсіз болғаны байқалды деп айтады. Ал, күйеуінің туыстары жауап қатпай, тіпті шешесі айғайға басқан. 

"Әпкем жоғалып кетті, төрт күннен бері бізбен хабарласқан жоқ. Александр туыстарымен 2-3 күн бойы бізге жауап бермеді. Кеше түнде ғана жауап берді. Александрдың анасы Натальямен ғана байланыса алдым. Ол маған телефонмен айқайлап, "Мен кінәлі емеспін, Айгүлдің қайда екенін білмеймін" деп телефонды қоя салды. Бірнеше рет осылай болды", – дейді Қанат.

Туысқандары Айгүлдің отбасынан жәбір көріп жүргені жайлы тіс жармағанын, тек достарына ғана баяндағанын айтады. Күйеуінің кез келген әрекетін шектеп, далаға жалғыз шығармайтынын жеткізген: 

"Құрбыларына күйеуі мен анасы оны ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып келгенін айтқан. Айгүлдің кез келген әрекетіне шектеу қойып отырған. Ол тіпті далаға жалғыз шыға алмайды. Александр оның барлық құжаттары мен ақшасын алып, ештеңесіз қалдырған. Біз бұл туралы ештеңе білмедік. Айгүлдің қазіргі жағдайы қалай, білмейміз. Телефоны өшірулі. Бірақ ол жайдан жай жоғалып кететін адам емес", – дейді бауыры. 

Айгүл Сайлыбаеваның өзі 2019 жылдан бері жұмыс істемейді. Үйленгелі күйеуімен бірге Қазақстанға туыстарына бір рет қана келген. Туысқандары қазіргі уақытта Алматыдағы СІМ өкілдігіне жүгінді. Олар Германияға виза алуға көмектесуді сұрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар