Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ЖЫЛ БОЙЫ АСЫҒА КҮТКЕН АЛАМАН

22:16, 01 қазан 2024 502

Қазақ күресі ұлттымыздың бай өнерінің бірі. Осы бір бекзат өнеріміз қазақ елінің ұлттық өнерінің шоқтығы биік бір саласа деп толық айта аламыз. Қазақ даласында сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан төл көресімізді бүгінгі күнге шашау шығармай жеткізген бабаларымызға мың алғыс. Әр ұлттың өздеріне ғана тән  ұлттық байлықтары бар. Ал, біздің ұлттық спортымыздың  ішіндегі төресі қазақ күресі ұлттық кодымыз десе болғандай. Әлем бізді ұлттық құндылықтарымыз арқылы танып білетін болса, қазақ күресі сол ұлттымызды ғаламға танытан  басты құндылықтарымыздың бірі. Ата күресіміз бүгінгі таңда айырықша мазмұнға ие болып, жастарымыз сүйіп жаттығатын спорт түріне айналып келеді. Дегенмен бір орында тоқтап қалмай алдымен қазақ күресін Азия ойындарына сосын Олимпиада ойындарына кіргізу жолында  алға мқсат қойып, тынымсыз тірлік жасау басты міндетіміз.  

Жапондар дзюдосын, кәрістер таеквандосын әлемге қалай танытқаны сияқты  бізде өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі төл күресімізді төрткіл дүниеге кеңінен насихаттау  жолында бар күш-жігерімізді, қолымыздан келген мүмкіндігімзді аянып қалмауымыз керек.Елімізде қазақ күресінің дамуы жолында өтетін дүбірлі жарасытар көп деп айта алмаспыз солардың бірі бірегейі Райымбек Түкеұлы атында жасөпірімдер арасында респбуликалық дәстүрлі аламан жекпе-жек болып саналады. Батыр бабамыз Райымбек туған жерімізден  жау жоңғарды қуып шығуға ерен ерлігін паш еткен әйглі қолбасшы, әулие болған бір туар жан. Қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін ақтарғанда Ұлы даламызға төнген қауіп-қатердің алдын бөгеп, жауларын тықсырта қуып, туған елімізді азат еткен аймүйізді батыр бабаларымыздың ерліктерін көріп тәнті боламыз. Ия, кеңес үкіметі кезінде сол батырлар мен билеріміздің ел қорғауда жанын бергені туралы жазылған тарихи жыр-дастандар назардан тыс қалып, айтылмай келген еді. Дегенмен де, еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бастап, тарих беттері жаңаша жаңғырып, жоғымыз табылып, өшкеніміз қайта жанды. Қазақ тарихының сахнасында кең-байтақ жерімізді жаудан азат етуде көзсіз ерлігімен аттары қалған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық секілді аттары жер жарар көптеген алыптардың қатарында Райымбек Түкеұлының да шоқтығы биік тұрғанын білеміз. Райымбек есімі бүтін бір аймақтың ұраны болды. Ата-тегі Үйсіннің Албан руынан тараған, оның ішінде Алжан. Туған әкесі Түке болса, үлкен атасы – атақты Хангелді батыр. Өз жұрты да, нағашы жұрты да елге құрметті, танымал әулеттерден өрбіген. Райымбек батыр жеті атасынан бері ат құлағында ойнаған, ержүрек батыр, ер қаруы – бес қаруды ұршықша иірген білекті де жүректі тұқымнан тараған. Раймбек батыр алты, жеті  жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерен ерлік көрсетіп, ел мойындаған батыр атанады. Әсіресе батыр бабамыздың Торайғыр мен Сөгеті арасындағы мидай жазықтағы «Ойрантөбе» шайқасында жау жоңғарды тас-талқан еткен жеңісі тарихта ұмытылмастай орын алған. Жоңғарларға қарсы қантөгісте Сатай, Бөлек, Қызылбөрік, Қойгелді, Қыстық, Малай, Есен, Байсейіт секілді батырлармен бірге иық тіресе соғысқан. Райымбек батыр жекпе-жек өнерінің шебері еді. Айталық, қылыштасу, күресу, найзаласумен қатар ат үстінде түрлі айла-тәсілді жауынгерлеріне үйрете білген, айлалы атбегі, тақымы мықты шабандоз, сайыскер қолбасшы болған. Сонымен қатар, жауға қарсы шабуыл жасауда соғыс өнерін терең білген, оған көп жаңалықтар қосқан білікті, білгір батыр. Жеті өнерді игеріп, жау қайтарар қол ерткен Райымбек бабамыздың батырлығынан өзге әулиелігі өз алдына бір төбе. Жыр алыбы Жамбыл Жабаев атамыз да батырдың кесенесіне барып: 
– Әруағыңнан айналайын, Райымбек, Келгем жоқ қасиетіңді сынайын деп. Бас ием, тағзым етем Өзіңе, Тірліктегі сиынатын Құдайым - деген екен. Ал, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев :  
– Дауасы жоқ жан екен жаратылған, Тұлпар екен тұғырдан дара туған. Қамауда ұстап қыранды отыра алман, Ұшсын, кетсін жай атып қанатынан. Хангелдінің сауытын кигізіңдер, Қыннан алып, қылышын сүйгізіңдер. Сырымбеттің туының алдына әкеп, Тәубе еткізіп, басын да игізіңдер. Би кесті, қара халық қабылдады, Қару алып, қол жимақ қабырғалы. Жорыққа әзірленіп жатты қауым, Қасынан Райымбек табылғалы-деп жырлаған екен «Райымбек! Райымбек!» поэмасында.
Міне осындай қазақ даласын жаудан азат етуде орасан ерлігін көрсеткен айтулы тұлғаны жасұрпақтың санасына сіңдіріп, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеуде аймүйізді алып батыр Райымбекті еске алуға қазақ күресінен өтіп келген жекпе-жектің беделі жоғары, берері  мол еді. Сонымен 23 –ші рет жалауаын көтерген аламан жарысқа республиканың барлық облысы мен қатар Алматы, Астана секілді мегаполистен 500-астам  келген жасөпірімдер бозкілемде 9 салмақ дәрежесі бойынша екі күн бойы жеңіс үшін жан аямай бар шеберліктерін салды. Бұл жарыстың көп жылдар бойы ұйымдастырылып келуінің өзі мақтарлыққа тұрады. Қазақстанда қазақ күресінен жасөпірімдер арасында республикалық деңгейде өтетін жарыстар саусақпен санарлық деп жоғары да айта кеттік. Көп жарыстар дабыралытып ашылғанымен көп ұзамай өмірі тоқтап ұзаққа бара алмай жатады. Ал, қуанышқа орай Райымбек батырдың жарысы 23 жыл бойы тоқтаусыз ұйымдастырылып келеді. Оның басты ерекшелігі Райымбек бабаның әрағының қолдауы әрі осы турниргі қаншама жылдан бері жанашырлық пен қолдау көрсетіп келген Райымбек батыр атындағы дәстүрлі жарыстың басты  ұйымдастырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қапар Рауановтың еңбегінің ерен екенін айта өтсе артық болмас. Қапардың өзі қазақ күресінің елімізде дамуына, және Жетсу өңірінен мұзбалақ, апайтөс аты елге танымал балуандарды жаттықтырып шығарған төл күресміміздің білікті маманы. Жетісу өңірінде соның ішінде Алматы облысы Іле ауданында ата көресіміздің қарқын алуына өлшеусіз үлес қосып келген ұлттық күресіміздің аты айшықты жанашыры. Бабамыз :  «Бір адам қазған құдықтан мың адам келіп су ішеді»-деп жатады. Осындай қанатта сөз ұлттық күресіміз десе ішкен асын жерге қоятын Қапардай азаматтарға арналған шығар деген ойдамыз. Сонымен жарыстың ашылу салтанатында сап түзеген балуандар еліміздің ән ұранын қосыла орындап болған соң қатысушыларға құрметті қонақтар жеңіс тіледі. Райымбек батырдың атындағы жарыста жыл сайын үзбей келіп қолынан келгенше қолдауын жасап келген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Барыс» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі, Алматы облысының құрметті азаматы Тоққожа Естенов ақсақалдың берген ақтілегімен қоса ақбатасына жас балуандар аумин деп беттерін сипады. 
Сосын Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Шахарбек Рахман Қуанышұлы мен бірге елге танымал қазақ күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері белгілі балуан Еркін Сайдақовтар алға шығып бота балуандарға жарақатсыз жеңісті өнер көрсетуін тіледі. Негізі Райымбек батырдың атындағы осы жарыстан көптеген елге белгілі балуандар қанаттары қатайып  өсіп шықты. Мысалы  әлем чемпионатының чемпионы мен күміс жүлдегері Бауыржан Тәліп, Еркін Сайдақовтар айтулы турнирде білек күшін сынап бақтары ашылған балуандар. Соынмен қатар  Бекасылов Нұрсәт – әлем чемпионы  2011 ж , Жұмажан Нұржан – Азия чемпионы 2011 ж , Хабибуллаев Амир – әлем чемпионатының қола жүлдегері 2004 ж, Есембердиев Жанат – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы,  Қуанжан Еркебұлан – самбо күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, Райымбек баба атындағы жарыстың алғашқы жеңімпазы, Рантаев Райымбек – әлем чемпионы 2011 ж,  Төлегенов Бақдәулет – әлем чемпионатының күміс жүлдегері 2003 ж, Табиғат Арман – Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Міне осы аттары аталған балуандар батыр бабамыздың жарысында күресіп, шыңдалып танылған талантттар.
Сонымен екі күн бойы Өтеген кентіндегі орын тепкен Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен аламан жекпек-жектерде  топжарып шыққандар турнир соңында ұйымдастырушылардың әзірлеген бағалы сыйлықтары мен бірге медаль, дипломдармен  марпататталды.  Сонымен еліміздің әр өңірінен келген 2007-2008 жылғы 500 –ден астам жасөспірімдер арасында Халық батыры, ұлы әскери қолбасшы Хангелді Райымбек Түкеұлының жүлдесіне арналған Республикалық турнирде   командалық 1 орынды  Алматы облысы, 2 орынды Ақтөбе облысы, 3 орынды Ақмола облысының балуандары жеңіп алды. Жекелей салмақтар бойынша: 46кг Дүйсенов Диас (Қызылорда обл),50кг Нұрлан Ерасыл (Астана),55кг Қуанышбек Жомарт (Астана),60кг Есболат Шерхан (Қостанай обл),65кг Бөрібай Әділет (Түркістан),70кг Сәдібеков Наурызбай (Қызылорда обл),76кг Файзолла Теміртас (Павлодар обл),82кг Аббас Рахат (Шымкент қ) және 82 жоғары ауыр салмақта Жамбыл облысының балуаны Сәтінбек Ерасылдар алтын жүлденің иегерлері атанды. Қазақ күресімен айналысып жүрген әр өңірді талантты бота балуандары жарыс соңында естелікке суретке түсіп бірін -бірі қимай қоштасып барады. Ұлттық күресімімізді жақсы көріп жаттығатын жасөпірімдердің жыл сайын асыға күткен аламан жарысы осылайша тартысты  белдесулер мен өз  мәресені жетті.
Расымен де батыр бабамыздың атындағы бұл бәсеке тұсауын кескен жылдан бері көптеген жас таланттарға ақжолтай жарыс болғаны анық. Сондықтан да қазақ күресінің дарынды жастары бұл турнирге айрықша дайындықпен келеді. Жалпы, қазір еліміздің әр аймағында жастарымыздың қазақ күресіне деген құлшынысы күн санап өсіп отыр. Осы қарқыннан танбасақ, ұлттық күресіміз Азия ойындарының бағдарламасынан орын алатынынына шүбә жоқ. Иә, әрбір алаш азаматы төл күресімізді Олимпиада ойындарынан көргісі келеді. Кім білсін, ол күннің де ауылы алыс емес шығар. Талай-талай қабырғалы балуандардың томағасын түрген бұл турнир ешқашан туын түсірмесе екен дейміз. Өйткені балуандар үлкен жарыстар арқылы шыңдалады, өседі. Ал, осы орайда Райымбек батырдың атындағы байрақты жарыстың алар орны айрықша.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ
Фото  Торғын Нұрғабылқызы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?