Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Камераға түскен жазба өшірілді". Полиция Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

10:03, 09 қазан 2024 995

Талғар ауданындағы қайғылы жағайға қатысты тараған жалған ақпаратқа Алматы облысы полиция өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларына түскен жазбалар өшірілді деген жалған ақпарат тарауда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз.

Бейненің бар екендігі туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса беріледі, - делінген. 

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда бозбала пышақталды. Дүкенге барған клиенттердің бірі ақы төлеуден бас тартып, сатушымен дауласқан. 16 жастағы Шерзат әкесін қорғауға тырысып, жанжалға араласып, ағасымен бірге клиенттен кетуін өтінді.

Жанжал тудырушы достарын көмекке шақырып, дүкенге шамамен 15 адамнан тұратын үш көлік келген. Төбелес нәтижесінде Шерзат пышақталды алды. Жігіт ауруханаға ауыр жағдайда жеткізіліп, қаза тапты. Қазіргі уақытта жеті күдіктінің қамауға алынғаны айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?