Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Kcell-дің Астанадағы бұрынғы қызметкеріне іздеу жарияланды

07:53, 30 қаңтар 2024 304
Kcell ұялы байланыс компаниясының бұрынғы қызметкеріне іздеу жарияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу интернет-порталында хабарланды, деп хабарлайды infohub.kz.

Kcell қызметкерін іздеу туралы хабарлама порталда 32 күн бұрын жарияланған.

Іздестіру жұмыстарын Қаржы мониторингі агенттігі бастады, тінтуді Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр (тел.: 8 (717-27) 0-84-79).
«Аталған азамат кәсіпорында 2022 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 28 ақпанына дейін жұмыс істеген. А.Е.Айткешовке алаяқтық жасап, компанияға материалдық залал келтірді деген күдік тағылып, материал елорданың экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», - деп жауап берді Kcell ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар