Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көмір ұрлығы. 15 адамның аты аталды

05:42, 12 желтоқсан 2022 277
 


Моңғолиядағы ереуілдерден соң көмір ұрлығына қатысы бар деген күдікпен «Эрдэнэс Таван-Толгой» мемлекеттік компаниясының бұрынғы басшысы Баттулгын Ганхуяг қамауға алынды. Тағы 7 адамның үстінен іс қозғалған, деп хабарлады qazaqstan.tv.

Осы істі тергеуді қолдау үшін арнайы жұмыс тобы да құрылды. Желтоқсанның 4-і басталған наразылық акциясы әлі жалғасып жатыр. Аймақтардан Ұланбатырға атпен келген демонстранттар да қосылған. Ұланбатырдың орталық алаңына күнделікті мыңдаған адам шығып жүр. Әлемдегі ең суық астанада желтоқсан ызғары. Бірақ кей моңғолдар алаңда түнеп те жүр. Халық талаптар орындалмайынша кетпейміз деп бекініп алған.

Бүгін, шерудің жетінші күні. Тұрғындардың көшеге шығуына көмір ұрлығы себеп болған. Ресми дерекке сүйенсек, Қытайға 44 триллион төгрөгтің көмірі заңсыз асып кеткен. Айта кетейік, 44 триллион төгрөг дегеніміз 13 млрд долларға жуық қаражат. Үкімет үйінің алдына жиналған жұрт «ұрылардың атын атап, дәулетін тәркілеуді» талап етті.

«Заң аясында осы адамдардың іс-әрекеттері заңсыз деп табылса, осыған қатаң жаза қолдану, дүние-мүлкін тәркілеу және де сол ақшаны үкіметке қайтару. Осы халықтың үкіметтен талап етіп отырғаны», - дейді Ұланбатыр тұрғыны Серік Хажатұлы.

Ереуелдің екінші күні, алаңға 10 000 адам шықты. Көбі студент. Сол күні көмір ұрлығына қатысы бар деген 15 адамның есімі жария болды. Алайда биліктің бұл тізіміне халық сенбеді. Олардың ойынша, ұрлыққа билік өкілдерінің өзі де қатысқан. Жиналған жұрт Президент пен Премьер-министрдің ел алдына шығып, жауап беруін талап етті. Талабы орындалмаған ереуілшілер кешкі сағат 19:00 шамасында үкімет үйіне басып кіруге талпыныс жасады. Алайда, Мемлекеттік күзет үкімет үйіне ешкімді кіргізбеді. Сүхбатыр алаңына күн сайын мыңдаған адам наразылығын білдіру үшін шығады.

«Үкімет мүшелерінің барлығы дерлік өте бай тұрады. Ал қарапайым халықтың көбі бір тілім нанды әрең тауып отыр. Елдің төзімі шегіне жетті. Сондықтан мен бүгін халықтың игілігі үшін наразылық білдіруге шықтым», -дейді шеруді студент.

«Алаңға шыққандардың көбі мен сияқты студент. Инфляция күн сайын артып келеді, біз оны нан мен күнделікті тұтынатын тағамдардың бағасынан байқап отырмыз. Парламент мүшелері ұрлаған осы триллиондаған тугриктерді бюджетке қайтарып, бір бөлігін инфляциямен күреске бағыттаса деймін», - дейді тағы бір студент.

«Жеке өз басым парламент депутаттарының иммунитетін алып тастауды сұрағым келеді. Конституцияға өзгертулер енгізуге болады. Депутаттар мұны өткен күзде жасады. Иммунитет болмаса, бәрі халық игілігіне жұмыс істер еді», - дейді шеруші жігіт.

Шеру қазына қаржысын жымқырғандар ұсталмайынша тоқтамайтын түрі бар. Айта кетейік, Ұланбатыр әлемдегі ең суық астана. Соған қарамастан, шерушілердің бір бөлігі алаңда қонып жатыр. Ал кейбірі суықта тоңған адамдарға ыстық шәйін тегін таратып жүр. Тағы бір ерекше тоқталуға тұратын жайт, ереуілшілер шеру аяқталған соң орталық алаңды қоқыстан толық тазартып кетуді әдетке айналдырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар