Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көп жылдар бойы енесі мен күйеуі ұрып келген": экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны бауырлары іздеп, таппай жатыр

19:03, 09 маусым 2024 581

Айгүл Сайлыбаеваның ағасы Қанат Майлыбаев әпкесі 3 маусымнан бастап байланысқа шықпағанына алаңдаулы, деп жазады Alash.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Айгүл Сайлыбаева күйеуі мен енесінің ұратыны туралы тек құрбыларына айтқан.

Ол ҚР СІМ Айгүлдің отбасына визалық қолдау көрсеткенін, олар дүйсенбіде Германия тарапынан визаны ресімдеуге жауап алуды асыға күтіп отырғанын атап өтті. Айгүлдің досы мен әпкесі жұбайы мен енесі оған қысым көрсетіп, кішкентай қызын тартып алғысы келетінін де жасырмады.

Жақындары айтқандай, Айгүл Сайлыбаева заңгерлер отбасынан шыққан. Әкесі – отставкадағы судья, ал анасы – адвокат. Айгүл ҚазМУ-дың заң факультетін үздік бітіріп, "Болашақ" стипендиясын иегері атанған. Астана аудандарының бірінде және басқа да мемлекеттік ведомстволарда судья болып жұмыс істеген.

Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, ол Германияда жұбайы Александр Донцовпен, қызымен, қайын енесі Наталья Донцовамен бірге тұрады. Бес күн бұрын Айгүл хабарламаларға жауап беруді тоқтатқан.

"Анам Айгүл қызын балабақшадан үйге алып бара жатқанда, яғни 3 маусымда сөйлесіпті. Келесі күні, 4 маусымда байланыс тоқтады. Тіпті, хабарламалар жіберілмеді. Мұндай жағдай ешқашан болған емес. Күйеуіне, қайын енесіне қоңырау шалдық, олар жауап бермеді. Түнде жұбайының ағасы Владимир Донцов жауап беріп, Айгүлдің қызын қайын енесімен бірге апарып тастап, бір жерге кеткенін айтты. Кейінірек қайын енесі жалғыз оралған. Александрдың өзі әйелінің қайда екенін білмейді", – деді Қанат Сайлыбаев.

Ағасы көп ұзамай Айгүлдің отбасы Қазақстанның Германиядағы консулдығына жүгінгенін айтты.

"Александр Донцов полицияға жұбайының жоғалғаны туралы мәлімдемеген. Адамның жоғалуы туралы қылмыстық іс қозғалды. Жоғалғаннан бірнеше күн өткен соң Александр қоңырауларға жауап бере бастады, бірақ Айгүлдің қайда екенін білмейтінін айтты. Қайын енесі Наталья Донцова маған жауап берді. Әңгімелердің бірінде ол кінәлі емес екенін және Айгүлдің қайда екенін білмейтінін мойындады. Бұдан кейін қайын енесі мүлдем байланысқа шықпады", –  деп қосты Қанат Сайлыбаев.

Оның айтуынша, Александр Донцов – Қазақстандағы банк жүйесінің бірінде директор болған лауазымды азаматтың немересі. Ол Айгүл жоғалып кеткеннен кейін біраз уақыт өткен соң кезінде абыройы дүркіреп тұрған Александр Донцовтың үлкен әжесі Александрдың кәмелетке толмаған қарындасымен бірге Қазақстаннан шұғыл кетіп қалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар