Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көштім": белгиялық Жәнібек қайда қоныс аударды?

09:45, 20 қыркүйек 2024 660

Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек анасы қайтыс болған соң басқа елге көшуге бел буғанын айтты, - деп жазады Alash.KZ  Massaget.kz материалына сүйеніп.

Бельгиялық Жәнібек аталып кеткен Мұрат Савелиев мәлімдеме жасады.

"Мен басқа қалаға көшіп, жаңа орынға орналастым! Қазір Қазақстанда емеспін... Өте өкінішті, өйткені сіздерге айтарым көп еді. Осы айдың басында мен Испаниядағы аралдан материк жағына көштім! Енді жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Мен атқа міну бойынша экскурсовод ретінде жұмысқа өтініш бердім. Бойымда қазақтың қаны бар ғой, өйткені... Бірнеше күннен кейін сіздерге айтар жақсы жаңалық болар деп үміттенемін. Мен үшін дұға етіңіздер. Мен де өздеріңіздей, саяхаттауды жақсы көретін адаммын. Сондықтан мен келесі 3 аптада Латын Америкасынан өтемін", - деп жазды Мұрат Савелиев.

Еске салайық, Жәнібек жақында елге оралуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?