Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кредиті көп болса да 2 млн төлеген: Арықтаймын деп ажал құшқан әйел туралы сұмдық дерек шықты

12:31, 13 шілде 2024 736

Алматыда арықтаймын деп ажал құшқан мұғалімнің ісіне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала ақпарат бойынша әйелге ота жасаған дәрігер жаназаға келіп, марқұмның күйеуінің қолына хатқалта қыстырған. 

"Кеше ғана Алматыда арықтап, іш майын алдырамын деп ажал құшқан әйелдің туыстары келді. Марқұм Құралай ешқашан жүрегіне шағымданбаған, жүрегі ешқашан ауырмаған дейді. Ал, клиника өкілдері адам сияқты көңіл айтпақ түгіл, кешірім де сұрамапты. Ота жасаған дәрігер тура жаназа кезінде келіп, Құралайдың күйеуінің қолына хатқалта қыстырған.
Марқұм іш пен бөксе майын сылуға 2 миллион теңге төлеген, ал өзінің кредиті бастан асады екен. Жалпы, айтылмаған нәрсе көп…", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, марқұмның сіңлілілері журналистке сұхбат беріп, жанайқайын жеткізді. Олар әпкесіне ота жасаған клиника мен дәрігер олардың адам өлімінен кейін де жарнама жасағанына ашулы. 

"Ота сағат 10:00 шамасында аяқталып, сағат 11:30-да ол күйеуіне хабарласқан. Содан кейін әпкеміз мүлде байланысқа шықпады. Түскі 12:00-ден, түнгі 23:00 дейін хабарсыз болып, сағат түнгі 00:00-де әпкеміз туралы суық хабарды жеткізеді. Ол 9-10 сағат бойы қайда болды? Қиналған жоқ па?

Ең қызығы, әпкемнің іш майын алуға ота жасаған клиника адам өлімі болғаннан кейін тағы да жарнама салды. Ота жасаған кісі де жарнама салады. Жарнамаларында "келіңіздер, бізде сокңғы күн. Бұдан кейін бағасы қымбаттайды, ертерек жазылып алыңыздар" деп айтады. Тура әпкеме жасаған блефаропластика, липосакцияны айтты. Мына жақта біз қайғыдан қан жұтып отырсақ, олар жарнама жасап отыр. Адамда ұят деген болу керек қой", - деді марқұмның сіңлісі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар