Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Крокус Сити холдағы» теракт. Осы уақытқа не белгілі?

04:05, 23 наурыз 2024 363

 
— Мәскеудің шетіндегі Красногорск қаласында орналасқан «Крокус Сити холл» залына «Пикник» тобының концерті басталар алдында, 22 наурыз кешкі 8 шамасында камуфляж киіп, бетперд таққан бірнеше адам кіріп келіп, оқ ата бастаған. Олар кемі бір күзетші мен бірнеше көрерменді атып өлтірген. Содан соң ғимаратта алапат өрт басталды. Топ музыканттары жапа шеккен жоқ. Концертке 6200-ге тарта билет сатылған. Көрші ғимаратта балалардың би жарысы өтіп жатқан.
 
— Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан кемі бес адам шабуыл жасағаны байқалады. Олардың кім екені, қандай мақсат көздегені белгісіз. Қолдарында автомат қару болған. Ресейде мұндай қару ашық сатылмайды. Теракт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 
— Оқиға орнына өрт сөндірушілер, кемі 50 жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіруші тікұшақтар жіберілген. Ғимараттың шатыры құлаған. Арнайы жасақ келгенше өрт сөндіру шарасы басталмаған деген ақпарат бар. Куәгерлердің айтуынша, арнайы жасақ ғимарат ішінде шабуылшылармен атысқан. Кей ақпаратқа қарағанда шабуылдағандардың кейбірі топпен бірге қашып кеткен болуы ықтимал.
 
— 112 арнасы 40 адам қаза тауып, 130-ы жарақат алды деп хабарлады. Құрбандар саны арта түсуі мүмкін. Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі 40 адам қаза тапты деп хабарлады. Демек бұл Мәскеудегі 2004 жылдан бергі ең ірі теракт болуы мүмкін.
 
— Батыстың бірнеше елінің елшіліктері 7 және 8 наурызда Мәскеуде ірі шабуыл болуы мүмкін деп ескерту жасаған. Олар өз елдерінің азаматтарына адам көп жиналатын жерге бармауға, Ресейге сапарламауға кеңес берген

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар