Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Күйеубала кесірінен...". Қырғызстанда 25 жастағы келіншектің "жұмбақ өлімі" дүйім жұрттың жағасын ұстатты

17:28, 11 шілде 2024 1161

Қырғызстанда 25 жастағы келіншектің дәріден уланып көз жұмғаны хабарланды. Алайда марқұмның туысқандары өлімнің себепкері ретінде күйеубаланы айыптап отыр. Сонымен қатар, олар сыныптасына тұрмысқа шыққан марқұмның жиі соққыға жығылғанын да мәлімеді, - деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы kg_media_news инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Қайтыс болған 25 жастағы Айтұрған Маматқұлова Ош қаласының тұрғыны болған. Ол бір жыл бұрын,2023 жылы, өз сыныптасына тұрмысқа шыққан. Бірақ келіншек жыл өтпей ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген

Дәрігерлердің қайтыс болған келіншектің дәріден уланғанын айтады. Ал Айтұрған Маматқұлованың күйеуі келіншектің өз-өзіне қол жұмсағап ажал құшқанын алға тартты.

Өз қызынан қапияда көз жазып қалған Айтұрған Маматқұлованың туыстары әділдік іздейді. Олар қызының өліміне күйеубаласын айыптап отыр. Олардың айтуынша, күйеубаласы Айтұрған Маматқұлованы бірнеше рет соққыға жығып, ұрып жүрген. Сонымен қатар, оның өз келіншегінің өлімін қайын жұртына кеш хабарлағаны белгілі болды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар