Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Лифтіде 5 жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірімнің анасы ұлын емдетуден бас тартқан

09:39, 27 наурыз 2025 709

Лифтіде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің диагнозы өте күрделі, деп жазады Alash.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Оның сөзінше, жасөспірімнің анасы баласының диагнозын қабылдағысы келмей, ем-домды үзіп алған кездері де болған. Салдарынан ауру асқынған дейді министр.

«Анасы баласының диагнозын қабылдағысы келмей, емдеуден бас тартты. Балада емдеуде үзілістер болды, ол өкінішке қарай асқынуға әкелді. Сондықтан қазір емдеуден бас тартқан жағдайда қамқоршылардың жауапкершілігін күшейту мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді Ақмарал Әлназарова.

Еске салайық, оқиға 11 ақпанда болған еді. Кейіннен жасөспірімнің арнайы психодиспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар