Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда табылған бұрынғы ММА файтері Вусал Джафаровтың мәйітіне қатысты істің кейбір мәліметтерін ашты, - деп хабарлайды Alash.KZ Tengrinews.kz материалына сүйеніп.
Ведомство мәліметінше, бүліне бастаған дене 20 қыркүйекте шамамен сағат 22:30-да үйлердің бірінің артында бұталардың арасынан табылған.
"Оқиға орнын тексеру барысында шприц табылды, сондай-ақ мәйіттің шұлығынан ұнтақ зат табылды. Марқұмның бұрын тонау және бопсалау деректері бойынша сотталғандығы анықталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау ПД.