Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"3,3 келі алтын": Қырғызстаннан Қазақстанға алтын өткізбек болғандар ұсталды

18:37, 23 қыркүйек 2024 232

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні «Кен-Булун» бақылау бекетінде Қазақстанға бет алған Lexus 470 маркілі көлігі тоқтатылып, көлікті тексеру барысында арнайы орнатылған жасырын орын анықталған. Ол жерден салмағы 3,3 кг болатын Қырғызстаннан шығаруға рұқсат құжаттары жоқ алтын құймалары табылды, деп хабарлайды Alash.KZ.

«Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін есептеу, сондай-ақ құрамында алтыны бар металдарды заңсыз алып өтуге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері алтын құймаларының жалпы бағасын шамамен 30 миллион сомға бағалап отыр. Бұл шамамен 170 млн теңгені құрайды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?