Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жол салмаған": Қазақстан түрік компаниясынан 5,9 миллиард теңгені қайтарып алды

18:27, 23 қыркүйек 2024 836

2021 жылы түрік компаниясы «Күрті-Бурылбайтал» жолын қайта жаңартуға келіскен. Бірақ мердігердің жол салмағаны анықталды, деп жазады Alash.KZ.

Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті техниканы жұмылдыру және материалдарды дайындау үшін 5,9 миллиард теңге көлемінде алғы төлем (аванс) аударған. Түрік мердігері жұмысқа кіріспегендіктен келісімшарт 2022 жылы мамырда біржақты бұзылған.

«Үкіметтің тапсырмасы бойынша әділет министрлігі 2024 жылы "White & Case LLP" заң фирмасымен бірлесіп Париждегі Халықаралық сауда палатасының төрелік сотына өтініш берді. Келісімге сәйкес түрік компаниясы 26 қыркүйекке дейін 5,9 миллиард теңге авансты қайтарып, әділет министрлігінің қызметтері үшін 280 мың доллар және төрелік жарнаның 85 мың доллар заңды шығындарын өтеуге міндеттенді», – делінген хабарламада.

Әділет министрлігі 2024 жылдың маусым айында мердігер бітімгершілік келісім жасасуды ұсынғанын, оның талаптары бойынша алғытөлемді қайтаруға және департаменттің сот шығындарын өтеуге келіскенін қосты.

Заңгерлік алымдар қызметтер үшін 280 мың долларды және арбитраждық комиссия үшін 85 мың долларды құрады. Қаражат 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қайтарылады деп болжанып отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар