Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Суицид ойынына қатысу фактісі анықталмады": ІІМ Алматыда көпқабатты үйден құлап көз жұмған оқушылар туралы

20:09, 23 қыркүйек 2024 123

ІІМ Алматыда биіктен құлап, көз жұмған оқушылардың телефонын тексерді, - деп хабарлайды Alash.KZ.  Massaget.kz тілшісі.

Жыл басынан бері министрлік 22 мыңға жуық заңсыз жұмыс істеген шетелдік интернет-ресурсты анықтап, бұғаттау үшін тиісті мәліметті уәкілетті органға жіберген.

 

Полиция өзіне қол салған оқушылардың телефонын тексеріп жатыр.

"Алматыда өзіне қол жұмсаған екі жасөспірімге қатысты олардың телефондарына тексеру жүргізді, суицид ойынына қатысу фактісі анықталмады. Қазіргі таңда өшірілген хат алмасулар мен қолданбаларды қалпына келтіру үшін телефонға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі оқушы қыздың мәйіті табылған еді. Қайғылы оқиға Алмалы ауданында болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?