Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент қызметінен босатқан экс министрге кім жұмыс берді?

18:52, 23 қыркүйек 2024 254

Бұрынғы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиадада сәтсіздікке ұшырағаннан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаевты Қазақстанның туризм және спорт министрі қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Маржықпаев бұл қызметті 2023 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.

Айта кетейік, Олимпиадада Қазақстан құрамасы бір "алтын", үш "күміс" және үш "қола" жеңіп алды, бұл жалпы медальдық есепте 43-орынға ие болды. Бұрынғы КСРО елдері арасында Қазақстан Өзбекстанға (13 орын), Әзірбайжанға (30 орын), Грузияға (24 орын) және Украинаға (22 орын) жеңіліп, бесінші болды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?