Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«МӘМС моделін толық қайта қарау қажет» – Аймағамбетов

10:28, 07 ақпан 2024 291
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Президенттің бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан бастамаларына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл салада проблема шашетектен. Азаматтар дер кезінде медициналық көмек ала алмайды. Сондықтан амал жоқ, қосымша шығындалады.

«Президент Үкімет отырысында МӘМС жүйесін сынға алып, Үкімет алдына нақты міндеттер қойды. Өкінішке қарай, шын мәнінде мәселе көп. МӘМС моделін толық қайта қарау қажет. Тегін медициналық көмек көлемінің кепілденген пакетіне кіретін (ТМККП) тізім жеткілікті деңгейде анықталмаған. Азаматтар медициналық көмек алуға тырысқан кезде, нағыз квесттен өткендей қиындықтарға тап болады. Клиникалық хаттамалар лайықты түрде жаңартылмайды, олар бақылаусыз жаңа зерттеулермен және дәрі-дәрмекпен толықтырылады. Бірақ МӘМС-тің бюджеті рекордтық деңгейге жеттсе де, медициналық ұйымдар зор кредиторлық қарызға батты. Ал азаматтар медициналық қызметтерді өз қалталарынан төлеуге мәжбүр», – деді Асхат Аймағамбетов.

Депуттатың сөзінше, Денсаулық сақтау министрінің кандидатурасын келісу кезінде депутаттар осы мәселелерді көтерген.

«Министр бұл мәселелердің барлығын шешудегі көзқарасы ұстанады. Бұл позиция өзгермей, тиімді іске асырылады деп үміттенеміз. Бұл жағдайдың құрбандары – тек қолжетімді медициналық көмек алмаған азаматтар ғана емес, сонымен қатар медицина қызметкерлері де. Неге? Қаражат тапшылығынан олар протоколдарға сәйкес емдеуде шектеулі болып отыр: барлық қажетті зерттеулерді немесе емдеуді тағайындай алмайды және нәтижесінде жауапкершілікке тартылу қаупімен бетпе-бет келеді. Азаматтардан немесе бизнестен міндетті медициналық сақтандыру қорына (ММСҚ) жарналарды арттыру мәселені шешпейді. Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында жүйелі реформалар қажет, дәл осы туралы Мемлекет басшысы тапсырма берді», – деді ол.

Ол барлық азамат үшін түсінікті және анық медициналық қызметтер тізімі қажет екенін де айтты. Енді Аймағамбетов жаңа Үкімет бұл міндетті тиімді жүзеге асырады деп үміттенеді.

Фото: Askhat Aimagambetov парақшасынан алынды

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар