Моңғолия қазақтарының өкілі Сонгобайн Замира Моңғолияның Мемлекеттік Ұлы Хуралының депутаты болып сайланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kzсайтына сілтеме жасап.
Сангобайн Замираның бес балалы ана екені белгілі. Сонымен бірге ол Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Экономист мамандығын алған ол ұзақ жылдар сауда саласында қызмет еткен. Біріккен венгр-монғол сыртқы сауда компаниясына иелік етеді.
Айта кету керек, Моңғолиядағы 3,5 миллион халықтың 5 пайызы - қазақтар. Олар Моңғолияға 19 ғасырда Қытайдан қоныс аудара бастаған. 1930 жылы Моңғол Халық Республикасының билігі қазақтарға жеке аумақ беру туралы қаулы қабылдады. 1940 жылы Моңғолия қазақтарының басым бөлігі тұратын Баян-Өлгий деген жеке аймақ құрылды. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға 20 мыңнан астам қазақ отбасы қоныс аударды.