Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мойны мен бетін пышақпен тілген: Германияда қаза болған әйел туралы не белгілі?

10:06, 21 маусым 2024 1087

Германияда мәйіті табылған қазақстандық әйелдің қолы мен мойнынан пышақ жарақаттары анықталды деп хабарлайды Alash.kz.

Германиялық Bild басылымының мәліметінше, жәбірленушінің қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары бар екені анықталған. Яғни жәбірленушінінің қолы мен мойнын, бетін пышақпен тілген.

"Болжам бойынша төбелес болған. Әйелге біреу шабуыл жасаған, ол өзін-өзі қорғауға мәжбүр болған", – делінген тергеушінің жауабында. 
Прокуратура қылмыстық іс бойынша әлі күдікті жоқ екенін мәлімдеді. 

40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) оқып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуімен, қызымен және қайын енесімен бірге тұрды.

4 маусым күні таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарады. Содан бері оны ешкім көрмеген. Арада 12 күн өткенде оның денесі қаланың шетінен пластикалық қапшыққа салынған күйі табылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар