Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министр Ақмарал Әлназарова дәрігерлер айлығына алаңдай ма?

09:23, 12 маусым 2024 583

Қалалардағы мемлекеттік емханалар мен ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер мамандардың айлығына көңілі толмайды. Бұл мәселе жөнінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова не дейді?

Министр не дейді?

Бұл сұрақ Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін министрге қойылған. Ол сала мамандарының шағымынан хабардар екенін білдіреді.

«Дәрігерлердің мәселесін көтеріп отырғаныңызға рахмет! Шын мәнінде де, айлықтың мөлшеріне байланысты біраз сұрақ бар. Кейінгі үш жылда айлық екі-екі жарым есе жалақы көтерілді. Алайда қазір жеке сектордың тез дамуына байланысты олар да дәрігерлердің тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Соған байланысты тәжірибесіне қарамастан, дәрігерлерге барлық жағдайды жасауда мемлекеттік мекемде жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің әрине, айлықтары бәсекеге қабілетті емес деп айтуға болады», - дейді Әлназарова.

«Тиісті есептер жүргізілді»

Министр мәселе министрліктің назарында екенін, тиісті есептер жүргізілгенін атап өтеді.

«Біріншіден, президент тапсырмасы аясында 3 жыл сайын 30 пайызға, 3 жылда 100 пайызға көтерілген айлықтың бағдарламасына сәйкес, тиісті жұмыстарды жалғастырғалы отырмыз. Екіншіден, емханада жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің жүктемесі көп. Сондықтан, тиісті коэфиценттерін алуға байланысты: ынталандыру коэфиценті деген бар. Біз соны қазір қайта қарап жатырмыз. Екінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың сапасына байланысты тиісті коэфиценттері көбейетін болады», - дейді ол.

Ақмарал Әлназарова үшінші жол – еліміздегі тапшы мамандардың қосымша жалақысын көтеру мәселесі де шешімін табуы керектігін айтады. 

«Өз ұсыныстарымыз бен есептерімізді дайындап жатырмыз», - дейді ол.

Бюджеттен нақты қанша қаражат сұрап, өтінім бересіздер?

Бұл сұраққа министр әзірге есептер толық аяқталмағанын айтады. Екіншіден, ынталандыру коэфицентіне байланысты қаражат саланың ішінде бар дейді. Екінші жартыжылдықта сол коэфицент бойынша жұмысты бастау көзделген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар