Тұңғышбай Әл-Тарази театр өнерінің қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, театрдағы мәселелер тек заңмен шешілуі керек, өйткені заң жоқ болса, барлық сөз тек бос әңгімеге айналады, деп жазады Alash.KZ. Бұл туралы ол бүгін комитеттің тақырыптық отырысында айтты.
Сонымен бірге, актер өзі айтқан сөздерінің маңызды болмай қалғанына өкініш білдірді, себебі Қазақстан театрлары қайраткерлері одағының мүшесі ретінде олар қоғамдық ұйым болып табылады және билікке қатысы жоқ. Одақтың айтуы бойынша бұл мәселе әлі де шешілмеген.
Тұңғышбай Әл-Тарази театрдағы басшылықтың мәселелеріне де тоқталды. Ол ұжымды тек бір директор басқаруды сынап, көркемдік жетекші лауазымының тиімділігіне күмән келтірді.
Оның айтуынша, көркемдік жетекші шығармашылық жұмыстардың басы-қасында болуы керек, бірақ қазіргі таңда бұл қызмет тек ат үстінде қалған және ешқандай мәні жоқ. Өйткені оның шешім қабылдауға еш құқығы жоқ.
Театрларда көркемдік жетекшінің кім екенін де көбіне ешкім білмейді. Ал облыс театрларында жағдай мүлде күрделі, өйткені бұл қызметке кім көрінген адам тағайындалып жатыр.
Сонымен қатар, ол театрлардың қаржыландыру мәселесін қатаң сынға алды. Өнер адамдары мен оркестр мүшелері бір айлықпен өмір сүре алмайтынын, ал облыстардағы театрларға бөлінетін 4 млн теңге қаржыны күлкілі деп атады.
Мұндай аз қаражатпен үлкен спектакльдер қою мүмкін емес екенін айтты ол. Өнер қымбат әрі сапалы болуы тиіс, сондықтан әкімдердің театрларға назар аударуы қажет екенін атап өтті.