Димаш Құдайберген Маңғыстаудың туристік әлеуетін насихаттауға үлес қоспақ. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірге жұмыс сапарымен келген Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесіп, облыстың туризм әлеуті жайында әңгімелесті.
Кездесу барысында облыс әкімі мемлекет басшысының тапсырмасымен туризм саласында қолға алынып жатқан жобалар туралы айтып, әншіні 2025 жылы Ақтау қаласында өтетін Түркі әлеміне ортақ мерейлі шараға қатысуға шақырды.
- Димаш қасиетті Маңғыстау жерінде сені көргенімізге өте қуаныштымыз. Сенің бұл сапарың – облысымыздағы туризмді дамытуға зор серпін береді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Маңғыстаудың туризм саласындағы әлеуетінің жоғары екенін айтып, дамытуды тапсырған болатын. Бүгінде біз бұл салаға тың серпін беру үшін инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, туристер үшін қызмет сапасын жақсарту бағытында жұмыстанып жатырмыз. Баку және Дубай қалаларының үлгісімен Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарау мәселесін қолға алдық. Туристерді тарту мақсатында «Жылы жағажай» аумағында бірқатар ірі жобалар жасалып жатыр. Бұйырса Ақтауды ірі курорттық орталыққа айналдыру жоспарымыз бар,- деді Нұрдаулет Қилыбай.
Еліміздің өнерін әлемге танытқан ұлт мақтанышы, талантты әнші Димаш Құдайберген Kazakh Tourism-нің амбассадоры ретінде Маңғыстаудың тарихи-мәдени жерлерін аралап шықты. Киелі өңірдің руханияты, мәдениеті мен туризмін көрсететін деңгейі бөлек туынды әзірлеуді жоспарлауда. Маңғыстау облысына алғаш рет келген әнші өңірдің тұмса табиғатынан ерекше әсер алғанын және мұндағы туристік нысандарды насихаттауға үлес қосуға дайын екенін жеткізді.
- Бозжыраға жақындай бергеннен бастап, керемет әсерге бөлендік. Ертегі әлеміне тап болғандай күй кештік. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Туризм саласын дамыту бағытында алған істеріңізге сәттілік тілеймін. Демалыс орындарын дайындау, ішкі, сыртқы туристерді тарту оңай жұмыс емес. Бізде ел мүддесі үшін, мәдениетімізді дамыту бағытында жұмыс істесек одан басқа арман жоқ. Осы елдің баласы болғандықтан барынша қолдауға дайынбыз,- деді Димаш Құдайберген.
«Осы елдің баласы болғандықтан барынша қолдауға дайынбыз»: қазақтың Димашы Маңғыстаудың туризмін дамытуға атсалыспақ

Шымкентте ер адамның бұрынғы әйелін пышақтап, буындырып, ақшасын ұрлап кеткені хабарланды
13:17, 18 сәуір 2025 47
"Сені де өлтіреміз!» — деп қорқытты". Шерзаттың анасы өз ұлының қалай қаза тапқанын айтып берді
12:31, 18 сәуір 2025 230
"Балалардың несібесін жеген". Жамбылда балабақша басшысының 45,2 млн теңге жымқырғаны хабарланды
11:01, 18 сәуір 2025 93
Сүйінші хабар: «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енді
10:53, 18 сәуір 2025 124
"Полицейге пышақ сұғып алған". Алматыда полиция қызметкеріне соқтығып, пышақтағандар сотталды
09:25, 18 сәуір 2025 87
«1 бөлмелі пәтер үшін 88 мың теңге келді»: астаналықтар коммуналдық қызметтің бағасына шағымдануда
19:52, 17 сәуір 2025 533
"Тамыз айының аяғында үлкен тойды жоспарлап отыр" - Сәкен Майғазиев қашан келін түсіреді?
16:40, 17 сәуір 2025 502
Шымкентте жастар орталығының басшысы желідегі жазбаға лайк баспаған қызметкерлерді жазалаған
15:05, 17 сәуір 2025 258