Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оянады дедің ғой": Бишімбаевтың өлім болған түні тағы да көріпкелге қоңырау шалғаны белгілі болды

11:32, 23 сәуір 2024 548

Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Судья сотталушы Бишімбаевтың ұялы телефонын тексеруді жалғастыруда. Ол Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев кімге хабарласқанын анықтады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бишімбаев сол күні түнде Байжановқа және көріпкелге қоңырау шалғаны белгілі болды.

Кісі өлтірген түні ол Гүлнар есімді көріпкелге қоңырау шалып: «Оянады деп айтып едіңіз ғой», деп айтқан.

Көріпкелге шақыруын былай түсіндірді:

«Салтанаттың тамыр соғысын таппай кешке қарай көріпкелге хабарластым. Мен оған: сіз кешке тұру керек дедіңіз. Көріпкел басында жауап бермей, кейін телефонды көтерді. Ол: жедел жәрдем шақырыңыз деді», — деді Бишімбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар