Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өз ісінің шебері". Бишімбаев ісінде медсарапшы болған маман елді той үстінде таңғалдырып, өзіне қаратты

16:18, 04 мамыр 2024 595

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде сауатты да сапалы медициналық сараптама жасаған маман Тахир Халимназаров тойда билеп, көпшіліктің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме көрсете отырып.

Эксперт маманның видеосын асаба Бекзат Аманқос өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеодан байқағанымыздай, медициналық сарапшы 4 бірдей сыйлықты жеңіп алғаны көрінеді.

Маманның тойда билеген сәті түсірілген видео Tik-Tok желісінде 1 миллионға жуық қаралым жинаған.

«Тойдағы краш! Кез келген Бишімбаевтың қорқынышы. Мықты маман арамызда отыр. Аңыз адамды таныдыңыздар ма?», – деді асабалардың бірі.

Еске сала кетейік, «Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді» деген күдікке ілінген Бишімбаевтың сотында марқұмның денесіне сот-медициналық сараптама жасаған Тахир Халимназаров бірден ел арасында танылды.

«30 жыл бойы қаншама сот көрдім. Соншалықты қатты күрделі де сараптама емес. Бірақ қанша сот сараптамасын жасап келсем де, мұншалықты халықтың назарына ілікпегенмін. Осы соттан кейін, аспанға ұшып келген ғарышкердей болдым», – деген еді эксперттің өзі де.

Сарапшы Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың қандай жарақаттар алғанын айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар