Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстанда діни посттарға лайк басқандарға айыппұл салынуы мүмкін

20:31, 06 қазан 2024 755

Өзбекстанда діни экстремизммен күрестің жаңа тәсілі қолға алынатыны хабарланды. Діни алауыздық тудыратын жазбаларды лүпілдетіп, не оларды бөліскендер қомақты айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы UzDaily порталына сілтеп хабарлады. 

"Діни материалдарды тарату тек қана мемлекеттік діни сараптамадан өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі", – делінген UzDaily алға тартқан хабарламада. 

Басылымның жазуынша, Өзбекстанның дін істер жөніндегі комитеті ел тұрғындарын интернет желісіндегі діни посттарға лайк баспауға үндеген. Комитет ескертуіне сәйкес, тексерілмеген діни материалдарға лайк басу ірі көлемдегі айыппұлға негіз болмақ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?