Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодарда 16 жастағы қыз құрбысын аяусыз ұрған (Видео)

09:57, 27 наурыз 2025 556

Павлодарда оқушы қызды құрбысы ұрып соққан, жастардың жаға жыртысы камераға түсіп қалған. Бейнежазба тез арада әлеуметтік желілерде таралып, желі қолданушылардың наразылығын тудырды, деп жазады Alash.kz.

Кадрлардан бір қыздың екінші қызды ұрын соққанын көруге болады, ал қақтығыс болған кезде қасындағы басқа құрбылары оларды ажыратпай, үнсіз тұр.

Бұл жағдай ақпан айында болған, бірақ көпшілікке қазір ғана жарияланды.

Полиция мәліметі бойынша, қақтығысқа қатысушылардың бәрі анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілген. Шабуыл жасаған қыздың жасы 16-ға толмағандықтан, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін емес.

Сонымен қатар, болған оқиғаға жауапкершілік ата-аналарға жүктелген. Ұрып-соғушы қыздың заңды өкілін Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша («Балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісті түрде орындамау») әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қылмысқа қатысқан қыз арнайы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа жіберілетін болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар