Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Президенттің рақымшылық жасауы – дұрыс қадам!"

14:12, 02 қыркүйек 2022 237
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында Қаңтар оқиғасына байланысты істі болғандарға рақымшылық жариялады. «Ақиқат» қоғамдық қорының басшысы Айман Омарованың сөзінше, Президенттің бұл шешімі дұрыс деп санайды.
– Заң сөзімен айтқанда рақымшылық, яғни сотталушыларға амнистия беріледі. Бұл – дұрыс шешім. Қаңтар оқиғасыны бәрімізге белгілі. Халық үшін де, ел үшін де қиын жағдай болды. Шыны керек, басымызда мұндай нәрсе өтпеген. Тіпті, шетелдің өзінде гибридті соғыс болмаған. Құқыққорғау органдары мен деструктивті топтың қосылып, арасына халық кіріп кетуі – бүкіл елді дүріліктірді. Арасында халықтың бейбіт шеруге шыққаны да рас. Бірақ соның арасында мәжбүрлі түрде, білместіктен экстремизм жасағандар да болды. Олардың ішіне студенттер, жастар ілігіп кетті. Кейбірінің қандай қылмыс, не істегені бейнежазбаларда да көрініп тұр. Оларға презумция қолдану керек. Күмәнданып соттағаннан гөрі, рақымшылық дұрыс. Бәрін бірдей соттағанымен ешкімге пайдасы жоқ. Түсінбей еріп кеткен қаншама жан бар.
Тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысқан басты айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасаған және билікті күшпен өзгертуге әрекет еткен айыпталғандарға рақымшылық жасалмайды. Бұл – заң жағынан да, мораль жағынан да, адами жағынан да дұрыс. Сондықтан Президенттің бұл қадамын дұрыс санаймын.

Айман Омарова,

«Ақиқат» қоғамдық қорының басшысы:
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар