21 қазанда Асхат Ниязовтың "Обожаю" YouTube-арнасына Талғар қаласы туралы зерттеу материал жарияланған еді.
Сол зерттеуде "Хутор" бандасы туралы сөз қозғаған адамды полиция ұстап әкетіп, психиатриялық ауруханаға жеткізген, деп жазады Alash.KZ. Бұл ақпаратты журналистің өзі хабарлады, деп жазды stankznews.
Ақпаратқа сәйкес, ұсталған азамат Шерзат Болаттың көршісі әрі отбасылық досы. Журналист онымен бірге бұрын Хутор атанған Тұрар Рысқұлов ауылына барған.
Ол адаммен сұхбат көліктің ішінде жазылған. Себебі сыртта тұрып сөйлесу қауіпті болған. Ер адам осы ауылдарда бұрын не болғанын, "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы бар білетінін айтқан.