Әскер сарбаздарын пайдаланып челенж түсіріп жүрген Қорғаныс министрінің әйелінің видеосы кеңінен тарап жатыр екен. Біреулер бұрын түсірілген деп жатыр екен. Өткенде Нартай Аралбайұлы басқарған жиын өтті, қорғаныс саласының өкілдері болды.Әскердегі сарбаздарға көрсетілетін әлімжеттік, өлімі жайлы мәселе көтерілді. Сол кезде сала өкілдері жауынгерлердің өлімі жайлы статистика келтірді. Бір адам өлімі емес, малдың шығынын айтып жатқандай әсер алдым.Айналайындар-ай, әр санның артында бір азаматтың өмірі, өмірінің соңына дейін баласын жоқтап өтетін ананың көз жасы, мұңы, зары, шемен болған шері, жазылмас қайғысы тұр ғой?! Шырылдап тұрып аналардың жанайғайын жеткіздім.Тіпті қоғамдық бірлестік ретінде әскери бөлімшелерге барып рухани-ағартушылық жұмыс жүргізуге дайын екенімізді де айттым. "Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін” демекші, дауысы жоқ болса да, министрдің әйелі ән айтсынның кері болып тұр екен.Мынандай нәрсеге рұқсат бар ма, өзі?! Алдымен әскердегі жағдайды түзеп алмай ма? Халықты ашындырғанды қашан қояды екен, осы, өңкей байшікештер мен шенділер?!Қанша ана сау баласын әскерге жіберіп, мүгедек болып келіп не сүйегін құшақтап, “ботам-ай” деп зарлап қалып жатқанда, мыналардікі не той?! Әскери техниканы, әскерилерді пайдалануға рұқсат бар ма? Біреулер патриоттық ән айтып жаиыр деп қорғап жатыр екен. Патриоттықтың иісі де сезілмейді екен.Қолда барда қонышынан басып жатқан қорғаныс министрінің мына әрекетін депутаттар неге көрмей жатыр? Әлде әлі келмей ме?
"Қанша ана әскерге кеткен баласының сүйегін құшақтап жатқанда не той?!" Қоғам белсендісі сарбаздарды пайдаланып челенж түсірген министрдің әйелін сынады

Шымкентте ер адамның бұрынғы әйелін пышақтап, буындырып, ақшасын ұрлап кеткені хабарланды
13:17, 18 сәуір 2025 47
"Сені де өлтіреміз!» — деп қорқытты". Шерзаттың анасы өз ұлының қалай қаза тапқанын айтып берді
12:31, 18 сәуір 2025 230
"Балалардың несібесін жеген". Жамбылда балабақша басшысының 45,2 млн теңге жымқырғаны хабарланды
11:01, 18 сәуір 2025 93
Сүйінші хабар: «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енді
10:53, 18 сәуір 2025 124
"Полицейге пышақ сұғып алған". Алматыда полиция қызметкеріне соқтығып, пышақтағандар сотталды
09:25, 18 сәуір 2025 87
«1 бөлмелі пәтер үшін 88 мың теңге келді»: астаналықтар коммуналдық қызметтің бағасына шағымдануда
19:52, 17 сәуір 2025 533
"Тамыз айының аяғында үлкен тойды жоспарлап отыр" - Сәкен Майғазиев қашан келін түсіреді?
16:40, 17 сәуір 2025 502
Шымкентте жастар орталығының басшысы желідегі жазбаға лайк баспаған қызметкерлерді жазалаған
15:05, 17 сәуір 2025 258