Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағандыда 9 айлық сәби екпеден кейін жансақтау бөліміне түсті

18:18, 14 желтоқсан 2022 288


Қарағандыда тоғыз айлық сәби жедел жәрдем бригадасының фельдшерінің екпесінен кейін реанимацияға түсті. Баланың ата-анасы бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 



Сәбидің ата-анасы жағдайларын айтып, кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр.



Анасының айтуынша, 8 желтоқсанда нәрестенің ыстығы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. Медициналық көлікпен келген фельдшер балаға антипиретикалық инъекция жасаған. Салдарынан баланың аяғы қызарып, ісіп кеткен.



«Инъекциядан кейін препаратқа аллергиялық реакция пайда болды. Ешкім аллергияға сынама алған жоқ, бірақ мен баланың осы препаратқа аллергиясы бар-жоғын білмеймін. Бөксеге инъекция жасалды, содан кейін бүкіл бөксе мен аяқ қызарып, ісінген», - деп жазды баланың анасы.



Әйелдің айтуынша, сәби ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. Оған тіпті қан құю қажет болған. Ал Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың қазіргі жағдайын ауыр деп отыр.



«Бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, толық көлемде ем алып жатыр. Бала жазылып кетеді деп болжаймыз», - деді ведомство.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар