Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Бір үйдің екі баласы суға батып мерт болды

18:42, 28 маусым 2024 1615

Баянауылда ағасы мен інісі суға батып кетті. Олар шомылуға рұқсат етілмеген жерге суға түскен, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 маусымда сағат 00:58-де Торайғыр көлінде 2011 және 2013 жылы туған екі ағайынды суға шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткен.

"2013 жылы туған баланың денесін судан куәгерлер алып шыққан. Таңертеңгі сағат 05.15-те ТЖД жедел құтқару жасағының бес құтқарушысы күшімен 2011 жылы туған баланың денесі табылып, судан шығарылды", - деп хабарлады департамент.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар