Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ жігіті Еуропаның ең биік шыңы Эльбруста "Адай" күйін орындап, ұлт рухын асқақтатты (ВИДЕО)

14:15, 26 тамыз 2024 658

Еуропаның ең биік шыңы әйгілі Эльбрус шыңында «Адай» күйі күмбірледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы 24kz телеарнасына сілтеме жасап. 

Астаналық Әлібек Қайырбек шырқау шыңға домбырасын арқалап шыққан. 26 жастағы жігіт Эльбрустың басына 1 апта жүріп, жеткенін айтады. Асқақ арманын орындауға бекінген әуесқой спортшы биікке жай шықпай, қара шанақтан күй төгілтті. Қазақ екеніне мақтанды. Әлібек алпинист қана емес, музыкамен де әуестенеді. «Құрманғазының «Адайын» әлемге танытқым келді», - дейді өзі.

- Домбыраны мұндай биіктікке көтеру оңай емес. Домбыра жеңіл болғандықтан, сынып қалуы мүмкін. Сол себепті домбыраны жақсы қаптап, рюкзагыма салып, 10 сағаттық жолда қатты сынып, тоңып қалмасын деп жылы орап, салып қойдым. Біздің осындай аспабымыз киелі домбырамыздың бар екенін әлемге паш етіп, таныстырғым келді, - дейді Әлібек Қайырбек. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар