Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазаққа қызмет ету үлгісі. Ақтөбелік 20 жастағы жаттықтырушы 60 оқушыныны таэквондоға тегін баптап жүр

11:01, 11 шілде 2024 2111

Ақтөбелік 20 жастағы жаттықтырушы Диас Айымқұлов 60 оқушыны таэквондоға тегін баулып жүр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

qazaqstantv-дің хабарлауынша, Диас Айымқұлов – ҚР Спорт шебері, Дене шынықтыру және спорт факультетінің 2 курс студенті. Екі жылға жуық уақыт бойы жас балаларға спорттан сабақ беріп жүр. 20 жастағы жаттықтырушының 60-қа жуық оқушысы таэквондоға тегін қатысады.

«Топта қыз балалар көп. Оқушыларым облыстық, республикалық жарыстардан орын алып жүр. Жеңіліп қалса, кішкентайлар жылап қалады. Мұндай кезде бапкердің қолдауы аса қажет. Сондай жарыста кішкентай қызды жұбатқаным видеоға түсіп қалған. Болашақта спорт мектебін ашқым келеді», - дейді Диас Айымқұлов.

Болашақта жас жігіт бапкерлік қызметін жалғастырғысы келеді.

"Мен нағыз чемпиондарды және, әрине, жақсы адамдарды тәрбиелегім келеді", - деді Диас Айымқұлов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар