Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген Қытай азаматтары елден шығарылды

14:40, 28 қыркүйек 2024 561

Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеген Қытай Халық республикасының бес азаматы анықталды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Polisia.kz жазуынша, полиция қызметкерлері Темір ауданындағы мұнай-газ кен орындарының бірінде рейдтік іс-шаралар өткізу барысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерді анықтаған. 

Орнату жұмыстарымен айналысқан Қытай Халық Республикасының бес азаматының жұмыс істеуге рұқсаты болмаған.

Сот шешімімен шетелдіктер елден шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген компанияға 700 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?