Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда су тасқыны тоқтағанда орман өрті басталды. "Жамбыл таулары" жанып жатыр

13:56, 05 маусым 2024 1033
Жамбыл облысы аймағындағы тау баурайы, жайқалған орман өртке оранды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Жамбыл облысы ТЖД мәліметінше, 2024 жылдың 4 маусымында сағат 16:20 шамасында "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртенді, ауданы шамамен 1650 гектар.
"Барлығы 244 адам және 50 бірлік техника тартылды, оның ішінде: жергілікті жерде орман шаруашылығы қызметкерлері 100 адам және 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автомобиль жұмыс істейді, күндізгі уақытта 1 тікұшақ және Қазавиаақорғаудың 6 қызметкері тартылды",- деп толықтырды Жамбыл облысы ТЖД.
 

Сондай-ақ, орман шаруашылығынан 31 адам және 6 жеңіл авто және 26 адам 10 бірлік техника жергілікті органдарынан шықты.

Еске сала кетейік, бүгін біз Қазақстанның барлық аймағында су тасқыны тоқтағанын хабарлағанбыз. Қазақ елі екі айға жуық су тасқынымен арпалысты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар