Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда тағы бір саяси партия тіркелді

12:59, 06 наурыз 2024 395

«Ынтымақ» республикалық саяси партиясы ҚР Әділет министрлігіне тіркелгенін мәлімдеді. 

Партия құрылтайшыларының айтуынша, Әділет министрлігі аталған бұған дейін бірнеше рет өтінішті тіркеуден бас тартқан. 

«Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті 2024 жылғы 4 наурыздағы «Ынтымақ» республикалық саяси партиясын» құру ниеті туралы өтінішті қарап, Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес «Ынтымақ» республикалық саяси партиясын құру туралы хабарламаны жібереді. Саяси партия өтінішке сәйкес құжаттарын ұсынғанын растайды - делінген Әділет министрлігі партияның құрылтайшыларына жолдаған хабарламасында.

Жаңа партияны құрудың бастамашыларының қатарында «Астана» халықаралық ғылыми кешені Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкен, сондай-ақ басқа да бірқатар қоғам және саяси қайраткерлер, экономиканың түрлі саласының мамандары бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар