Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық журналист Айдос Садықов Киевте қайтыс болды

09:41, 02 шілде 2024 1200

Қазақстандық  танымал журналист, «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садық қайтыс болды. Қаралы хабарды оның жұбайы Наталья жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Естеріңізде болса, журналистке 18 маусым күні Киевте оқ атып, қастандық жасалған еді. Содан бері ол ауруханада жатты. Әйелінің айтуынша, Киев уақыты бойынша 2 шілде сағат 3-те ол жан тапсырды.

“Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, қанішерлердің қолынан шейіт болды. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып нәрсе болмады. Оның өлімі Тоқаевтың ұятында”, – деді Айдос Садықтың әйелі Наталья Садық.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи атышулы "Бәсе" арнасының авторы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдіргенін жаздық.

Мәжілісменнің айтуынша, мұның артында Қазақстанды шетелдік серіктестермен араздастыруды көздейтін сыртқы күштер тұр.

Ол қазақ билігінің мұндай арандатуға араласып, атын былғамайтынын баса айтты.


Сонымен қатар, Бапи Айдос Садықовтың ең алдымен Қазақстан азаматы екенін атап өтті.

Орайы келгенде айта кетейік, Айдос Садықов пен оның әйелі журналист, 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесіне ие. Онда ерлі-зайыптылар 1 миллионнан астам жазылушысы бар «Бәсе» деп аталатын YouTube-арна ашып, билікті сынайтын видеолар жариялай бастаған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар